"Жас Ұлан" ережесі
«ЖАС ҰЛАН» МЕКТЕП КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
«Жас Ұлан» мектеп комитеті (бұдан әрі – Комитет) – оқушылардың бірлесе басқару жүйесінің жоғарғы органы.
Комитет «Жас Ұлан» РББЖҰ мен мектеп әкімшілігі алдында жауапты.
Мектептің барлық оқушылық құрылымдарына Ұйымның шешімдері міндетті болып табылады.Ұйымды оқушылар арасынан сайланған Ұйымның Ұланбасы басқарады.
Ұйым өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде, «ҚР жоғарғы білім туралы» заңымен, «ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңымен,
«Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ шешімдерімен, бұйрықтарымен, өкімдерімен, ережелерімен және қазіргі Жарғымен басшылық етеді.
Ұйымның өзінің мөрі, логотипі, мүшелік куәлігі, бланк және басқа да реквизиттері, сонымен қатар өзінің сенім пошталары бар.
II. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
• Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін жағдай жасау;
• Оқушылардың азаматтық ұстанымын, қоғамның қазіргі уақыттағы өзекті проблемаларын шешуге белсенді қатысуын ұйымдастыру;
• Мектеп оқушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
• Оқушылардың мектептегі оқу-тәрбие процесін дамытуға белсенді қатысу;
• Оқушылар арасында Қазақстандық отансүйгіштікті, Қазақстан халықтары бірлігі идеясын насихаттау;
• Оқушылардың әлеуметтік-құқықтық мәселелерін шешуге қатысу;
• Мектеп оқушыларының шығармашылық және басқару қабілеттерін дамытуды оқушылардың бірлесе басқару ұйымына қатысу арқылы жүзеге асыру;
• Оқу ордасын үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, мектептегі өмірінің дәстүрін қалыптастыру;
• Осы Жарғының сақталуын қадағалау;
• Оқушылар арасында республика көлемінде жүргізіліп жатқан реформаларды талқылау жұмыстарын жүргізу, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның дамуында белсенді ұстанымға тәрбиелеу;
• Мектеп оқушыларының әлеуметтік, экономикалық, мәдени мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру;
• Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және олардың ғылыми қабілетін дамытуға атсалысу;
• Талантты оқушыларды марапаттауға ұсыныс жасау;
• Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
• Оқушылардың бос уақытын мазмұнды, тиімді өткізуін ұйымдастыру;
• Білім беру мекемесі оқушыларының бірлесе басқару органының, құрылымдық бөлімдерінің қызметіне басшылық ету. (топбасы, бөлім басы және т.б.);
• Басқа мектептермен, жоғары және орта-кәсіптік оқу орындарымен байланысты нығайту.
III. КОМИТЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН АТҚАРЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Комитет құрамы Ұланбасыдан, Ұланбасы орынбасарларынан, Бөлімбасылардан, Старосталардан және өзге де құрылымдық бөлімшелерден тұрады.
Ұйымның Ұланбасы
Осы лауазымға берген оқушылардың өтініші және қажетті құжаттарын ұсына отырып мектеп Ұланбасын сайлауға қатысады. Ұланбасы жалпы мектепішілік ашық дауыс беру арқылы сайланады;
Ұланбасы мектеп оқушыларының алдында және «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ алдында жоспарға сай есеп береді;
Ұланбасы ұйымды 1 жыл уақыт аралығынд
а басқарады. Басқару уақытын ұзарту, оның жұмысының сапасымен және нәтижесімен бағаланады.
Ұланбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:
• Барлық міндеттер мен бағыттардың орындалуын қадағалау;
• «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ берген тапсырмаларын орындауын іске асыру;
• Оқушылардың ұлтына, тіліне, әлеуметтік жағдайына қарамастан тең құқығын қорғау;
• Мектеп оқушылары атынан жиналыстарға қатысу;
• Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс істеуін қадағалау;
• Бөлімбасылары мен Старосталардың есебін тыңдау және бекіту;;
• Белсенді оқушыларды мадақтауға ұсыныстар енгізу;
• Жоспарлауға және мектеп педагогикалық кеңестеріне қатысу.
.
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің
АНТЫ
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ұйымдарының ресми нышандары
«Жас Қыран» белгісі. Қыран бейнесі қазақ елінің өскелең ұрпағы қырандай күшті, білімді, әрқашанда биік шыңдардан көрініп, алғыр болуының айғағы. Белгінің жоғарғы оң жағында шуағын шашып тұрған күн бейнеленген. Күн - жастарға болашаққа нық сеніммен қарауға жол ашады. жалпы күн бейнесі өміршеңдіктің, байлықтың белгісі.
Төсбелгі көлемі 10 мм*20 мм. Темірден жасалған көк сары түс.
«Жас Ұлан» белгісі. Дөнгелек шар тәрізді форма. Шар - өмір мен мәңгіліктің бейнесі. шардың жоғары жағында өрнек - бұл қазақстанның төбесінді мәңгілік күн жарқырап тұруының белгісі. Бейбітшіліктің, тұрақтылықтың нышаны. шардың ортасында Алтын адам бейнеленген, ол еліміздің Тәуелсіздігінің символы.
Төсбелгі көлемі 15мм*15мм.Темірден жасалған көк сары түс.
«Жас Ұлан» галстугі. Ашық көк түсті оң жақ бұрышында ұйымның белгісі тігілген. Көк түс - жастарымыздың білімі теңіздей терең, бейбіт өмір сүру мен тәуелсіз болуының нышаны және молшылықтың белгісі.
Ұланбасы
«Зерде» бағытының бөлімбасы
«Руханият» бағытының бөлімбасы
«Экоәлем» бағытының бөлімбасы
«Еңбек» бағытының бөлімбасы
«Жеті жарғы» бағытының бөлімбасы
«Салауат» бағытының бөлімбасы
«Отан» бағытының бөлімбасы
Бөлімбасылар